Қостанайда қонақүй өртеніп, әйел адамның мәйіті табылды

Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында толықтай тергеу жүргізіледі

Қостанайда қонақүй өртеніп, әйел адамның мәйіті табылды
Қостанай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін Қостанай қаласы Дружба ауылында екі қабатты «Жібек жолы» қонақүйі өртенді. Өрт туралы хабарлама сағат 11:00-де түсті, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Өрт ғимараттың шатырын, екінші қабатын және бірінші қабатының жартысын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы 450 шаршы метр болды. Сағат 13:18-те толығымен жойылды. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері мен 4 техника және жергілікті атқарушы органның қызметкерлері мен 1 техника жұмылдырылды.

Өкінішке қарай, өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан бір әйел адамның мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында толықтай тергеу жүргізіледі.