1149
Бүгін ауа райы қандай болады?
30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Бүгін еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады turkystan.kz.
Республика бойынша жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және екпінді жел соғады.
Солтүстік Қазақстанда, түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жел тұрады. Күші 30 м/с және одан да жоғары болады.