Парламент сенатының жаңа депутаты ант берді

Сондай-ақ ол Парламент Сенатының тұрақты комитетінің құрамына кірді.

Парламент сенатының жаңа депутаты ант берді
ашық дереккөз

Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Аққожина ант берді.

- Өздеріңізге белгілі, 20 желтоқсанда Қостанай облысында өткен сайлауда Парламент Сенатының депутаты болып Бибігүл Аққожина сайланды, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Әшімбаев жаңадан сайланған әріптесін құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Конституциялық нормаларға сәйкес жаңадан сайланған депутат палата отырысында ант берді.

- Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп ант берді Аққожина.

Сондай-ақ ол Парламент Сенатының тұрақты комитетінің құрамына кірді.