Ел экономикасы жаңа технологиялық циклге өту кезеңінде тұр – Ерлан Сайыр

/
Ел экономикасы жаңа технологиялық циклге өту кезеңінде тұр – Ерлан Сайыр

Президент ең алдымен Қазақ­стан­ның Азаматтық кодексін қайта жазу қажеттігін айтты. Тәуелсіздік жыл­дарын­да еліміздің Азаматтық кодексі аза­маттар мен мемлекет ара­сындағы, сондай-ақ адамдардың өзара эко­номикалық қарым-қа­ты­насын реттеуге және нарықтық экономикаға бейім­деуге өз үле­с­ін қосты. Алайда заман өзгеріп жатыр. «Елу жылда ел жаңа» де­мекші, бүгінде экономикада түрлі жаңа үрдістер пайда болды. Цифрландыру, жасанды интел­лектінің дамуы, еңбек қа­ты­нас­тары­ның өзгеруі сияқты үдерістер жаңа талаптар қойып отыр. Сон­дық­тан қазір ең негізгі мәселелердің бірі – Азаматтық кодексті жаңарту.

Екінші мәселе – Салық кодексі. Президент бизнес субъектілерінің да­муына кедергі келтіретін бар­лық тосқауылды алып тастау жө­нінде тапсырма берді.

Үшінші мәселе – Alatau City қаласын салу және сол аумақта ағыл­шын заңнамасын енгізу. Менің ойым­ша, бүгінгі таңдағы ең маңыз­ды мәселелер – осылар.

Президенттің тапсырмалары нақты. Егер олардың барлығы орын­далса, Қазақстан жаңа тех­нологиялық циклге енеді. Сон­дық­тан министрлер мен әкімдердің бұл тапсырмаларды орындауға бар­­лық мүмкіндігі бар деп есептеймін. Біз Президент тап­сыр­маларының нақты жүзеге асырылуы және Үкімет пен әкім­дік­тердің өз міндеттерін орындауы мәселесін әрдайым бақылауда ұстайтын бола­мыз.

Қазақстан қазірдің өзінде Президент Тоқаевтың реформалары­ның оң нәтижелерін сезініп отыр. Ре­формалардың қорытындылары айтарлықтай байқалады. Биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жетеді. Сонымен қатар жан басына шаққандағы жал­пы ішкі өнім 19 мың долларды құрайды. Бұл – Орталық Еуропа ел­дерінің экономикалық көрсеткіштерімен салыстыруға болатын дең­гей.

Сондай-ақ ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың тең­геге дейін көтеру жөнінде нақты тапсырма берілді. Бұл шешімнің оң әсерін халқымыз 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап сезіне бастай­ды. Яғни, 1,8 млн адамның әлеуметтік жағдайы жақсарады.

Бұған қоса, инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл қаражат өңірлерде жаңа жұмыс орын­дарын ашуға, салық түсім­дерін арттыруға және жаңа бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Сон­дықтан Президент тапсырмаларын халықтың игілігі үшін жүзе­ге асыру жұмыстары бірден басталады.

Бұл Жолдаудың негізгі лейтмотиві – онда айтылған барлық мә­селе шешімін тапса, Қазақстан жаңа технологиялық циклге өтіп, эко­номикасын шикізат сатуға негізделген модельден технологиялық эко­номикаға бағыттайды. Осы мақсатта мемлекет қомақты қаржы бө­ліп отыр. Сонымен бірге нақты ше­шімдер де қабылдануда.

Егер Қазақстан осы Жолдауда белгіленген бағыттарды жүйелі түр­де жүзеге асырса, елімізде жаңа энер­гия ресурстары пайда болып, экономикалық дамудың жаңа бағыттары қалыптасады. Сондықтан Жол­даудың негізгі нәтижесі Қазақстан экономикасының жаңа тех­нологиялық циклге өтуі және ха­лық­тың әл-ауқатының артуы болмақ.

Ерлан САЙЫР, 
Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар