Биыл елімізде пиротехникаға сұраныс артқан

Пиротехниканы негізгі импорттаушы – Қытай.

Биыл елімізде пиротехникаға сұраныс артқан
lada.kz
851

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге тұрмыстық пиротехникалық заттардың импорты туралы статистикамен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Биыл қаңтар-қараша айлары аралығында елімізге жалпы салмағы 231,1 тонна, құны 663,9 мың АҚШ долларын құрайтын отшашулар импортталған (петардалар, фонтандар, отшашу батареялары, бенгаль оттары, түрлі-түсті түтіндер, жер үсті отшашулары және басқа да тұрмыстық пиротехникалық заттар), негізгі импорттаушы – Қытай», – делінген хабарламада.

Германиядан, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан жалпы салмағы 0,1 тонна, құны 17,6 мың АҚШ долларын құрайтын отшашуды аз мөлшерде жеткізілген.

«2022 жылмен салыстырғанда биыл елге құны 215,0 мың АҚШ долларына, 71,8 тоннаға көп пиротехникалық заттар импортталған. Былтыр қаңтар-қараша айларында Қазақстанға жалпы салмағы 159,4 тонна, құны 448,9 мың АҚШ доллары болатын отшашулар жеткізілді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары