«Ақшамды есептеп қайтесіздер»: Шавкат Рахмонов табысы жайлы сұраққа жауап берді

Стивен Томпсонға қарсы өткен жекпе-жектен соң бірден спортшының алған қаржысы туралы ақпарат жарияланған болатын.

«Ақшамды есептеп қайтесіздер»: Шавкат Рахмонов табысы жайлы сұраққа жауап берді
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды жеңгеннен кейінгі табысы жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады  turkystan.kz Naiza.TV промоушенінің Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Стивен Томпсонға қарсы өткен жекпе-жектен соң бірден спортшының алған қаржысы туралы ақпарат жарияланған болатын. Ол мәліметте бұл кездесуде Шавкат Рахмонов 306 мың АҚШ долларын алса, қарсыласы 416 мың АҚШ долларын тапқаны айтылған.

«Таралған ақпарат жалған. Томпсонның менен қанша көп ақша алғанын білмеймін, бірақ өзім айтылған сомадан көп таптым. Қанша екенін келісімшартқа сәйкес айта алмаймын. Менің ақшамды санап қайтесіздер?» – деді Рахмонов.