Дзюдошы Дидар Хамза үйленді

Ол алғаш рет жастар арасында әлем чемпионатында жүлдегер атанды.

Дзюдошы Дидар Хамза үйленді
Фото: instagram.com/khamza.81

Дзюдодан Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза шаңырақ көтерді, деп хабарлады turkystan.kz

Спортшының таңдауы Кәмила есімді аруға түскен деп жазады 1bol.kz сайты. Той Түркістан облысындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Бұл туралы спортшының жақын таныстары әлеуметтік желіде көптеген жазба жариялады.

Дидар Хамза Рио және Токио олимпидасына қатысушы. Ол алғаш рет жастар арасында әлем чемпионатында жүлдегер атанды. 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында жеңімпазы. Ташкентте жалауы желбіреген Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Көптеген Гранд Слэм, Гран при жарыстарында жүлде иеленді.

Ол биыл Катарда өткен әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.