Жаңа жылдың танымал кәдесыйы – 120 жылдық тарихы бар қарлы шар қалай пайда болды?
1900 жылдардың басында Аустриялық хирургиялық құрал жасаушы Эрвин Перзиге хирургиялық шам жасау туралы тапсырма түскен, бірақ оның орнына ол жаңа жылдың ең танымал кәдесыйы – қарлы шар ойлап тапты.
Қарлы шар – әлемдегі ең сүйікті жаңа жыл кәдесыйының бірі, бірақ сіз оның 120 жылдан астам уақыт бұрын Аустрияның Вена қаласында мүлдем кездейсоқ ойлап табылғанын білесіз бе?
1900 жылдардың басында Аустриялық хирургиялық құрал жасаушы Эрвин Перзиге хирургиялық шам жасау туралы тапсырма түскен, бірақ оның орнына ол жаңа жылдың ең танымал кәдесыйы – қарлы шар ойлап тапты.
Перзи әулеті күні бүгінге дейін шағын шеберханасында әлемге мерекелік көңіл күй сыйлайтын кәдесый өндірісін жалғастырып келеді. Олардың шеберлігі уақыт сынынан өтіп қана қоймай, көптеген танымал тұлғалардың, соның ішінде АҚШ-тың бұрынғы президенттері Рональд Рейган, Билл Клинтон және Барак Обаманың назарын аударды. Бір қызығы, отбасы жылына 200 000 қар глобусын әзірлейді екен, олардың 80%-ы Америка Құрама Штаттары мен Жапонияға кетеді.
Original Viennese Snow Globe компаниясының бас директоры Эрвин Перзи III атасының таңғажайып кәдесыйды қалай жасап шыққаны туралы естелігінде шарлардың кездейсоқ пайда болғаны туралы айтқан.
"Біздің қарлы шар – атамның өнертабысы. Ол 1900 жылы қателесіп қар глобусын ойлап тапты. Менің атам хирургиялық құралдар механигі болған және ол операция бөлмелерін жарықтандыру үшін Эдисон шамын жақсартқысы келді. Ол бірнеше сынақ жүргізген және сол сынақтың бірінде қар глобусы пайда болыпты", – дейді Перзи III.
Жарық қатты шағылысуы үшін әртүрлі материалдардан жасалған бөлшектердің көмегімен шустеркугель деп аталатын (жарықты шоғырландыру үшін пайдаланылған сумен толтырылған колба) құралды пайдаланған ол күтпеген жерден жауған қарға ұқсайтын әсер беретін құрал жасап шыққан.
Осы кездейсоқ өнертабыстан шабыттанған ол өзінің алғашқы қар шарын одан әрі дамытқан.
Одан соң қар шарларына сұраныс өсіп, Перзи мен оның ағасы Людвиг Венада дүкен ашыпты.