Apple компаниясы iPhone пайдаланушыларына 30 доллардан береді
Apple сот шығындарын да өтейді
Apple компаниясы брендтік жарнамадан зардап шеккен пайдаланушыларға өтемақы төлеуге келісті, деп жазды turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Apple компаниясы Family Sharing жарнамасына қатысты заңды дауды шешті. Келісім аясында компания зардап шеккен пайдаланушыларға 30 доллардан бөледі, ал түпкілікті сома 50 долларға (13 762 теңге) дейін өсуі мүмкін. Apple компаниясы сот шығындарын да өтейді.
Бастапқыда сотқа шағым 2019 жылы берілген. Онда қолданушылар Apple оларды Family Sharing жарнамасымен адастырды деп мәлімдеді. Бұл мүмкіндік пайдаланушыларға Apple және басқа компаниялар қызметтеріне жазылуларын жақын адамдарымен бөлісуге мүмкіндік береді. Алайда барлық үшінші тарап қызметтері өздерінің жазылымдарын компания өзінің жарнамалық материалдарында атап өтпеген жолмен бөлуге мүмкіндік бермеді.
Нәтижесінде корпорация кінәсін мойындамаса да, өтемақы төлеуге келіскен. Журналистердің айтуынша, 2015 жылдың 21 маусымы мен 2019 жылдың 30 қаңтары аралығында Family Sharing функциясын пайдаланған Apple жабдықтарының иелері төлем сұрай алады. Өтемақы туралы өтініш 2024 жылдың 1 наурызына дейін берілуі керек.
2022 жылдың қараша айының соңында Apple проблемалы пернетақтасы бар MacBook иелеріне өтемақы төлеуге келісті. Төлемді 2015 және 2016 жылдары шыққан MacBook, MacBook Air және MacBook Pro пайдаланушылары ала алады.