Балалар үйінің түлектері Тоқаев пен Досаевқа үндеу жасады

Үндеу жасағандардың Алматыдағы тұрғын үй кезегіндегі тізімде жоқ екені белгілі болды

Балалар үйінің түлектері Тоқаев пен Досаевқа үндеу жасады
Ашық дереккөз
914

Балалар үйінің түлектері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы әкімі Ерболат Досаевқа үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Тоқаев мырза! Досаев мырза! Бізге назар аударуларыңызды өтінеміз. Біздің тұратын жеріміз жоқ. 1 000-нан астам түлек дәл қазіргі уақытта көшеде қалды деп айтуға болады. Пәтер жалдау өте қымбат. Пәтердің берілуіне назар аударуларыңызды сұраймын. Неге түлектерге, жағдайы төмендерге, жалғызбасты аналарға берілмейді? Осыған назар аударуларыңызды өтініп сұраймыз", - дейді Анатолий есімді балалар үйінің түлегі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі видео арқылы үндеу жасағандардың Алматыдағы тұрғын үй кезегіндегі тізімде жоқ екенін хабарлады.

"ҚР Президенті мен Алматы әкіміне бейнеөтініш арқылы жүгінген азаматтар - Алматы облыстық №1 балалар үйінің түлектері. Олар Алматы облысының әкімдігінде тұрғын үй алуға кезекке тұрғандар (Алматының тұрғын үй кезегіндегі тізімде жоқ). ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу азаматтардың тұрақты тұратын жері бойынша жүргізіледі. Сондықтан хат иегерлерінің тұрғын үй беруге қатысты мәселесін шешіп беру өтініші Алматы облысы әкімдігінің құзыретіне кіреді", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге әкімдік Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді бөлу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық қордан тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде 20 пайызы бөлінетінін хабарлады.

"Алматы әкімдігі ХӘОТ санатындағы адамдарды, атап айтқанда, жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда. Егер 2022 жылы Алматының коммуналдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға 14 пәтер, 2023 жылы 55 пәтер берілсе, 2024 жылы кемінде 400 пәтер беру жоспарда бар. Осылайша, келесі жылы жетім балалардың пайызының тұрғын үй мәселесі шешіледі", - деп хабарлады әкімдік.

Серіктес жаңалықтары