Қостанайда құбырлар жарылып, 42 тұрғын үй жылусыз қалды

№29 орта мектепте және халықаралық әуежай ғимараттарында да жылу тоқтатылған.

Қостанайда құбырлар жарылып, 42 тұрғын үй жылусыз қалды
ng.kz
1101

Қостанайда Аэропорт  шағын ауданы Герасимова көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанында жылу құбырлары жарылды. Салдарынан бірқатар нысандар мен тұрғын үйлер жылусыз қалды, деп хабарлады turkystan.kz «Наша газета» сайтына сілтеме жасап.  

«КТЭК» МКҚК-ның хабарлауынша, апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан мекеме аудандағы жылуды өшіруге мәжбүр.

«Жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанда жүргізіледі. 42 көпқабатты тұрғын үйде, №29 орта мектепте және халықаралық әуежай ғимараттарында жылу сағат 12:00-20:00 аралығында сөндіріледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, былтыр да бұл ауданда 2022 жылдың желтоқсанында магистральдық жылу желісі жарылған болатын.

Серіктес жаңалықтары