Исландияда жанартау оянды

Гриндавик қаласының халқы толық эвакуацияланды

Исландияда жанартау оянды
сурет: Icelandic Coast Guard

Исландияның Рейкьянес түбегінде жанартау оянды. Елдің оңтүстік-батысындағы Гриндавик қаласының халқы эвакуацияланды, бұл туралы CNN хабарлады.

Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкянес түбегінде бірнеше апта бойы болған қатты жер сілкіністерінен кейін Гриндавиктің балықшылар қалашығында жанартау атқылай бастады. 

Кейінгі күндері бұл аймақтан тұрғындар эвакуацияланып, 4 мың адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды.