Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Мазмұны
Қардың қалың жаууына байланысты Астанада көлік ағыны мен қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы төмендеді, автобустардың кідірісі байқалады. Бұл туралы turkystan.kz CTS компаниясына сілтеме жасап хабарлады.
Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
«Барлық жүргізушілерден жолдарда барынша мұқият болуды, қауіпсіз қашықтық пен жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз», – делінген хабарламада.