Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады?

Қаңтарда екі мереке – Жаңа жыл және Рождество атап өтіледі.

Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады?
nur.kz

Қазақстандықтар қаңтар айында 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қаңтарда екі мереке – Жаңа жыл және Рождество атап өтіледі.

Бес күн жұмыс істейтіндер 2023 жылғы 30, 31 желтоқсанда, 2024 жылғы 1, 2 қаңтарда демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 2023 жылғы 31 желтоқсанда, 2024 жылғы 1,2 қаңтарда демалады. 

2024 жылы Рождество жексенбіге түседі. Сондықтан басқа күнге ауыстырылмайды, яғни қосымша демалыс күні болмайды. Рождествода бес күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтар, ал алты күн жұмыс істейтіндер 7 қаңтарда демалады.