Беделді Tennis.com сайты 2023 жылдың үздік кездесулер тізімін жариялады. Үздік кездесулер қатарында Елена Рыбакинаның матчы да бар, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Елена Рыбакина Монреалдағы турнирдің ширек финалында ресейлік Дарья Касаткинамен кездескен болатын.
Аталған матч 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
2023 жылғы ең үздік матчтардың көшін Уимблдон финалында кездескен Карлос Алькарас пен Новак Джокович матчы бастап тұр.