Дмитрий Баландин жаңа қызметке тағайындалды

Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасында жүзу спортында құрама қоржынына алтын медаль салған еді.

Дмитрий Баландин жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ҰОК

Жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Су спорты түрлері федерациясының вице-президенті болып сайланды, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін федерацияның жыл соңындағы конференциясы өткен.

«Маған сенім артқандарыңызға алғыс айта отырып, еліміздегі және халықаралық аренадағы су спорты түрлерінің дамуына өз үлесімді қосатыным үшін қуаныштымын. 2023 жылы өткен Азия ойындарында біздің федерация спортшыларының 80 пайызы тұғырға көтерілді. Бұл федерация жұмысының тиімділігін дәлелдейді. 2016 жылы жеңіп алған Олимпиаданың алтын медалі маған үлкен еңбектің нәтижесінде келді. Бүгінде мен өзімнің тәжірибем мен жігерімді Қазақстандағы су спорты түрлерін дамытып, қолдауға дайынмын», - деді Дмитрий Балдандин.

Еске салайық, Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасында жүзу спортында құрама қоржынына алтын медаль салған еді. Сонымен қатар 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында 3 дистанцияда чемпион атанды.