Алматы көшелерінен үш мың текше метрден астам қар шығарылды

44 жедел патрульдік бригада, 421 бірлік арнайы техника, оның ішінде 165 құм таратқыш, 481 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Алматы көшелерінен үш мың текше метрден астам қар шығарылды
Алматы әкімдігі
753

Алматыдағы жолдардың қауіпті учаскелерінде, көлік айрықтарының съездерінде түнде 32 тонна көктайғаққа қарсы материалдар себілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары жалғастырылды.

Түнгі кезеңде жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен қарды сыпырып, жинайтын машиналардың 17 колоннасы ұйымдастырылды.

Магистральдық көшелерден қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Түнде 1947 м3, қар жауғаннан бері барлығы 3027 м3 қар шығарылды.

44 жедел патрульдік бригада, 421 бірлік арнайы техника, оның ішінде 165 құм таратқыш, 481 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 16 желтоқсанға дейін жауын-шашын болмайды. 

Серіктес жаңалықтары