Қазақстандық хоккейші Бексұлтан Мақыш АҚШ-та рекорд жасады

15 жастағы Бексұлтан БХА сапында бір маусымда ең көп гол соққан ойыншы болып тіркелді.

Қазақстандық хоккейші Бексұлтан Мақыш АҚШ-та рекорд жасады
Telegram/sportqazaq
1119

Отандасымыз Бексұлтан Мақыш Бостон хоккей академиясының U15 командасында 100 ұпайды (55 гол + 45 ассист) ең жылдам (44 ойын) жинаған хоккейші атанды.

Бұл туралы Sportqazaq Telegram арнасы жазды.

Сонымен қатар 15 жастағы Бексұлтан БХА сапында бір маусымда ең көп гол (55 шайба) соққан ойыншы болып тіркелді. 

Осыған дейінгі рекорд (47 шайба) Кэмерон Штельге тиесілі болған.

Айта кетейік, Бексұлтан былтыр «Барыстың» 15 жасқа дейінгі хоккейшілер командасында ойнап, АҚШ-тың «Бостон» хоккей академиясына алынған. Астана клубының 15 жасқа дейінгі жасағында ол 38 гол салып, 31 рет нәтижелі пас берген. Одан кейін спортшы АҚШ-тағы World selects турниріне қатысып, 6 матчта 8 шайбаның авторы атанып, 7 рет командаластарына жақсы пас береді. Осы турнирде Бексұлтанды скауттар байқап, өздеріне шақырған.

Серіктес жаңалықтары