Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы бұйрығымен спортшы жаңа қызметтің тізгінін ұстады.

Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: Шымкент қаласы Спорт және дене шынықтыру басқармасы
1273

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы бұйрығымен спортшы жаңа қызметтің тізгінін ұстады. 

Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары ішінен үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан жалғыз бокс­шы. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада 49 келіде өнер көрсетіп, 32 жасында мансабын аяқтады. 

 

Серіктес жаңалықтары