Ердоған Түркия чемпионатындағы ойында төрешіні ұрып жыққан клуб президентінің әрекетіне наразылығын білдірді
Кеше «Анкарагюджю» клубының президенті мен команда өкілдері ойын біткен соң төрешіні ұрып жыққан болатын.
Түркия прездиенті Реджеп Тайып Ердоған Түркия Суперлигасының 15-турында төрешіні ұрып шыққан «Анкарагюджю» клубының президентінің әрекетіне наразылық білдірді, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, Түркия Суперлигасының 15-турында кездескен «Анкарагюджю» мен «Ризеспор» командаларының арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын. Алайда «Анкарагюджю» клубының президенті мен команда өкілдері ойын біткен соң төрешіні ұрып жыққан болатын.
«Мен бүгін кешке болған «Анкарагюджю» — «Ризеспор» кездесуінен соң төреші Халил Үміт Мелерге шабуыл жасағандарға наразымын. Ол тезірек сауығып кетсін деп тілеймін. Спорт дегеніміз — бейбітшілік пен бауырмалдық. Спортта зорлық-зомбылыққа орын жоқ. Біз ешқашан түрік спортында зорлық-зомбылыққа жол бермейміз» деп жазды Түркия басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.