Астана – Петропавл автожолында қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Екеуі оқиға орнында көз жұмды, ал біреуі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнында түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі shchuchinsk_life2 парақшасында жарияланды. Кадрлардан жолда зақымданған көліктердің тұрғанын көруге болады, біреуі аударылып кеткен.
Жол апаты 1 қарашада болған. Соталды тергеу аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.