Елімізде 7 облыстағы 54 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Қоғамдық және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысы шектелді

Елімізде 7 облыстағы 54 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
Ашық дереккөз

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 7 облысындағы республикалық маңызы бар 54 жол учаскесінде қоғамдық және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысы шектелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтсақ, Абай облысында 1 жол учаскесінде; Ақмола облысында 20 жол учаскесінде; Ақтөбе облысында 2 жол учаскесінде; Павлодар облысында 8 учаскеде; Қарағанды облысында 2 учаскеде; Қостанай облысында 7 жол учаскесінде; Солтүстік Қазақстанда 14 жол учаскесінде.