1096
Қалың қар, аяз: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда тұман түседі.
«Қазгидромет» РМК 9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәулікте жауын-шашын тоқтап, аяз күшейеді.
«Еліміздің шығысында қар, оңтүстік-батыста және оңтүстік облыстарда жаңбыр мен қар жауады. 9-11 желтоқсанда Қазақстанның оңтүстігіндегі тау бөктерлері мен тауларда қалың қар жауады», – делінген хабарламада.
Түнде ауа температурасы солтүстік-батыста -20-37°-қа дейін, солтүстікте -30-38°-қа дейін, қиыр солтүстікте -40-43°-қа дейін, орталықта, елдің шығысында -25-35°-қа дейін төмендейді.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда тұман түседі.