Еңбек инспекторлары 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Оларға 5,6 млрд теңге төленді

Еңбек инспекторлары 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
ашық дереккөз
999

1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 961 кәсіпорны 25 мың жұмыскерге 6,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Бұл туралы turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 261 нұсқама беріліп, 174,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

«Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,6 млрд теңге төленді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары