700
Елорда жедел жәрдем стансасының басшысы қамауға алынды
Бұған дейін Астана қалалық жедел жәрдем стансасының басшысы Мұрат Оразбаевтың ұсталғаны белгілі болды.
Астана қалалық жедел жәрдем стансасының басшысы сот шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.
"2023 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысын 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қалалық жедел жәрдем стансасының басшысы Мұрат Оразбаевтың ұсталғаны белгілі болды.