857
Би сайысында қазақстандық жұп әлем чемпионы атанды
Биылғы додада 27 мемлекеттен 54 спортшы жиналды.
Астанада өтіп жатқан 10 түрлі биден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын Нейдас Ленкитис пен Тамара Беленькая жұбы топ жарды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Күміс Адриа Эрнандес пен Эмилижа Улсинейт (Испания), ал қола медаль Владимир Чебану мен София Чьорескудің (Молдова) еншісінде.
Бұған дейін ел тарихында бірінші мәрте 2022 жылы Латвия мемлекетінде ұйымдастырылған әлем чемпионатында Максим Жиленков пен Арина Молочникова чемпион атанған.
Айта кетейік, биылғы додада 27 мемлекеттен 54 спортшы жиналды.