Магистратураға қашан құжат қабылданады?

Болашақ магистранттардың құжатын қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Магистратураға қашан құжат қабылданады?
Фото: inbusiness.kz

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына 12-19 желтоқсан аралығында құжат қабылданатыны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына — 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» — 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» — 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға»  461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың құжатын қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өтіп жатыр.

Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.