Әнші Медеу Арынбаев көптен бері мазалаған сырқаты туралы айтты

Өнер иесі 2000 жылдан бері талма ауруына шалдыққанын айтты.

Әнші Медеу Арынбаев көптен бері мазалаған сырқаты туралы айтты
Фото: ©instagram.com/medeu_arynbaev
1084

Әнші Медеу Арынбаев «Динамен дұрыс» бағдарламасында 2000 жылдан бері талма ауруына шалдыққанын айтты,  деп хабарлады turkystan.kz.

Айтуынша, осының салдарынан төрт рет жол апатына түскен.

«1993 жылдары жаспыз, мейрамханадан шығып жатқанда үш жігіт тепкіге алған еді. Сол жеті жылдан кейін сыр берді ма екен деймін. Сол соққыдан немесе тума пайда болған нәрсе ма, белгісіз. Бастапқыда жылына екі рет болатын. Содан келе ушығып, екі-үш айда бір рет бола бастады. Сахнада ұстап қалды, сіресіп қалдым. Төрт рет қала ішінде көлік жүргізіп келе жатқанда болды. Бір рет маңызды шарада маңызды сәтте сіресіп қалып, сахнадан алып кетті. Сол кезде қара тізімге түсіп қалдым ба деп қорықтым. Отадан кейін шүкір, жағдайым жақсы. Міне, төрт жарым жылдай менде қайталану жоқ. Жағдайым тұрақты, концерт бойы ән айта аламын», - деді әнші.

Серіктес жаңалықтары