«Досының туған күніне кеткен»: Алматы облысында 14 жастағы бала 4 айдан бері табылмай жатыр (ВИДЕО)

Анасының айтуынша, баласы айтқанын бұлжытпай орындайтын, ойнаса белгіленген уақыттан бір минут та кешікпей келетін.

«Досының туған күніне кеткен»: Алматы облысында 14 жастағы бала 4 айдан бері табылмай жатыр (ВИДЕО)
Фото: massaget.kz
1695

Алматы облысының тұрғыны Гүлжайна Жанжігітованың 14 жастағы ұлы 4 айдан бері із-түссіз кеткен. Тұрғын шілдеде жоғалған ұлын әлі күнге дейін таба алмай жүр. Ал полиция әлі күнге дейін тұшымды ақпарат бермей отыр екен. Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды  turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен хабарластым, көтермейді. «Марлен, қайдасың? Мен босандым ғой» дедім», - дейді Гүлжайна Жанжігітова. 

Оның сөзінше, баласы айтқанын бұлжытпай орындайтын, ойнаса белгіленген уақыттан бір минут та кешікпей келетін. Бірақ 14 жастағы баладан әлі күнге дейін хат-хабар жоқ. 

Марлен Жамбыл ауылындағы мектепте білім алған. Бірақ өткен жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы мектепте де 1 жыл білім алып қайтқан. Екі мектептің де ұстаздары Марленнің тәртібін оң бағалап отыр. «Ерте есейген, өз қатарынан алда болған» дейді. Марлен – анасының тұңғыш баласы. 

Марлен анасы мен өгей әкесінің тәрбиесінде болған. Оған дейін өзінің әкесі мен әжесімен де бірге тұрған. Гүлжайна Жанжігітованың сөзінше, Марленнің өгей әкесімен қарым-қатынасы жақсы болған.

«Аман болсын деп тілеймін. Бірақ түнде жаман ойлар мазалайды. Аман босла неге осы уақытқа дейін келмейді? Досымның туған күніне барамын деп кеткен. 3-4 күн сұранып жүрді. Сол күні жұмыста болды. Өгей әкесі де жұмысқа кетіп қалған», - дейді Гүлжайна Жанжігітова.  

Анасының сөзінше, соңғы кездері Марленнің өтірік айтуы жиілеп кеткен. 

«Мектепте темекімен ұсталыпты, одан кейін насыбаймен ұсталған. Оны маған апайы айтты», - дейді Гүлжайна.   

 

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары