"Бұл кітапты жазу оңайға түскен жоқ": Пол Линч "Пайғамбар әні" романы үшін Букер сыйлығын алды

Антиутопиялық роман Ирландиядағы наразылықтарға қатысқаны үшін күйеуі тұтқындалған әйелдің төрт баланы жалғыз тәрбиелеуге мәжбүр болғаны жайында.

"Бұл кітапты жазу оңайға түскен жоқ": Пол Линч "Пайғамбар әні" романы үшін Букер сыйлығын алды
Сурет: Associated Press
922

Ирландиялық жазушы Пол Линч биылғы Букер сыйлығының иегері атанды, оған сыйлық Ирландияда тирания орнаған және наразылық күшпен басып-жаншылған уақытта отбасын құтқаруға тырысқан әйел туралы баяндалатын "Пайғамбар әні" романыны үшін берілді.

Антиутопиялық роман Ирландиядағы наразылықтарға қатысқаны үшін күйеуі тұтқындалған әйелдің төрт баланы жалғыз тәрбиелеуге мәжбүр болғаны жайында. Линчтің айтуынша, оның романындағы оқиғалардың қандай да бір кезеңге, немесе қоғамға қатысы жоқ.  

 - Бұл кітапты жазу оңайға түскен жоқ. Мен саясатты әдейі қозғаған жоқпын, өйткені мен роман отбасы туралы болғанын қаладым... Мен "Илиаданы" алып, тоңын теріс айналдырып жазғым келді. Сіз олай істесеңіз, барлық саясат, барлық батырлық және барлық нәрсе жоғалады және сіз Эйлиш Стек және оның отбасының оқиғасын бірге бастан өткересіз, – деді жазушы. 

 

Серіктес жаңалықтары