Зардап шеккендер бар: Қарағандыда екі автобус соқтығысып қалды (ВИДЕО)

7 жолаушы зардап шегіп, оның бесеуі медициналық мекемеге жеткізілді.

Зардап шеккендер бар: Қарағандыда екі автобус соқтығысып қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Қарағандыда екі қалалық автобус соқтығысып, салдарынан 7 адам зардап шекті.

 Оқиға 28 қараша күні сағат 10:20-да Майқұдық шағынауданындағы К.Маркс көшесінде болған. 

«Корзина» СҮ жанында екі маршруттық автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. ЖКО салдарынан жеті жолаушы зардап шегіп, оның бесеуі медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы түсініктеме берді.

«Әртүрлі жарақаттармен 5 пациент жүгінді. Барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді», - делінген хабарламада.