Бекман Сойлыбаев өзбекстандық боксшымен жекпе-жек өткізеді

Бекман Сойлыбаев – бірінші жартылай жеңіл дивизионда WBA Inter-Continental чемпионы.

Бекман Сойлыбаев өзбекстандық боксшымен жекпе-жек өткізеді
Фото: baribar.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы боксшының промоушені мәлімдеді. Жекпе-жек Түркияның Трабзон қаласында 2 желтоқсанда өтеді. Қазақстандық боксшы өзбекстандық Мырзамұхаммед Хикматуллаевпен жұдырықтасады.

Кездесу екінші жартылай жеңіл салмақта өтеді және 10 раундқа есептелген.

Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев – бірінші жартылай жеңіл дивизионда WBA Inter-Continental чемпионы. Боксшы чемпиондық белбеуді былтыр жеңіп алған. Ал өзбекстандық боксшыға келетін болсақ, ол осы жылдың наурыз айында шаршы алаңға шыққан. Хикматуллаев Екатеринбургтегі (Ресей) бокс кешінде Әзербайжан өкілі Елнұр Мамедовті техникалық нокаутпен жеңді.