Таңғы асқа жұмыртқадан гөрі жаңғақ жеген әлдеқайда пайдалырақ – ғалымдар

Жаңғақ жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қауіпін 17 пайызға, ал дәнді дақылдар мен зәйтүн майы 36 пайызға азайтқан.

Таңғы асқа жұмыртқадан гөрі жаңғақ жеген әлдеқайда пайдалырақ – ғалымдар
Сурет: istockphoto.com
1533

Ғалымдар көпшілік таңғы асқа жұмыртқаның орнына жаңғақ жеген ағзаға әлдеқайда пайдалы екенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz Вести.ру-ға сілтеме жасап.

Дюссельдорфтағы (Германия) диабетті зерттеу орталығының мамандары арнайы эксперимент өткізді. Бір топта еріктілер еттің орнына дәнді дақылдар өнімін, сары майдың орнына зәйтүн майын және жұмыртқаның орнына жаңғақ жеді. Ал екінші топтағыларда рацион өзгертілмеді.

Эксперимент нәтижесі бойынша, бірінші топтағылардың анализдерді айтарлықтай жақсарған. Соның ішінде жаңғақ жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қауіпін 17 пайызға, ал дәнді дақылдар мен зәйтүн майы 36 пайызға азайтқан.

Жаңғақтың құрамында көптеген ақуыз, май, көмірсу, дәрумен мен микроэлемент бар. Сонымен қатар, жаңғақ деменцияны емдеу және алдын алатын тағамдардың тізіміне кіреді (әсіресе, грек жаңғағының пайдасы зор). Ал жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға бадам таптырмас көмекші екен.

Серіктес жаңалықтары