Билл Гейтс адамзат аптасына тек 3 күн жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты

Бұған жасанды интеллектің дамуы ықпал етуі мүмкін.

Билл Гейтс адамзат аптасына тек 3 күн жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты
Сурет: Kamil Zihnooglu / EPA/TASS

Билл Гейтс жасанды интеллектің дамуы адамзатқа тек аптасына 3 күн ғана жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп болжам жасады. 

Бұл туралы Business Insider жазды.
 
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы егер машиналар барлық тамақ пен күнделікті өмір сүруге қажет керек-жарақты өндіре алатын болса, онда адамдарға күн көру үшін көп жұмыс істеудің қажеті болмайды деп ойлайтынын айтты.