Қазақстан кикбоксингтен әлем чемпионатында 22 медаль алды

Бәсекеде әлемнің 70 елінен 573 спортшы қатысты.

Қазақстан кикбоксингтен әлем чемпионатында 22 медаль алды
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
1532

17-26 қараша аралығында Албуфейра (Португалия) қаласында өткен кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Аталған чемпионатта Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5 алтын, 5 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды. 

Сондай-ақ отандастарымыз фулл-контакт, лоу-кик және К1, кик-лайт секілді төрт бөлім бойынша сынға түсті. Бәсекеде әлемнің 70 елінен 573 спортшы қатысты.

Жарыс нәтижесі келесідей:

Фулл-контакт:

Марғұлан Айдарұлы (75 кг)

Данияр Жарасов (54 кг)

Аслан Асылбеков (57 кг)

Мақсат Үсіп (71 кг)

Тимур Ғанза (81 кг)

Дінмұхамед Баймұратов (51 кг)

Батырхан Қуандықов (67 кг)

Лоу-кик:

Диас Карманов (57 кг)

Алихан Оздоев (67 кг)

Алина Тулегенова (52 кг)

Бибарыс Сауханбек (60 кг)

Шара Хамзина (65 кг)

К1:

Нұрсұлтан Жұмабаев (51 кг)

Арсен Сойырқас (54 кг)

Нұрдаулет Қалшора (57 кг)

Чингисхан Тлемисов (63,5 кг)

Берік Қалықов (71 кг)

Руслан Степанов (81 кг)

Гүлбану Саматова (70 кг)

Салават Рахимзанов (91 кг)

Кик-лайт:

Мереке Жүнісова (+70 кг)

Фазлиддин Сафаров (+91 кг)

Серіктес жаңалықтары