Шымкентте сәбиді терезеден лақтырып жіберген адам жазадан құтылып кетуі мүмкін

Бірақ ол жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін. Өйткені соқталдай еркектің психоневрология ауытқуы бар.

Шымкентте сәбиді терезеден лақтырып жіберген адам жазадан құтылып кетуі мүмкін
Фото: pixabay.com
996

Шымкентте екі жасар сәбиді 4-қабаттың терезесінен лақтырып жіберген тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады  turkystan.kz  КТК арнасына сілтеме жасап.

Бірақ ол жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін. Өйткені соқталдай еркектің психоневрология ауытқуы бар. Туысының үйіне келген ол ойнап жүрген бүлдіршінді биіктен тастай салған.

«Өзімен-өзі жүретін. Агрессиясы ұстап кетті ме, бала мазасын алды ма, кішкентай бала болғаннан кейін енді тістейді ғой, содан кейін алып лақтырып жіберген. Сағат сегіз жарым шамасында», - дейді тұрғынның бірі.

Бұл кезде үйде ақыл-есі кем азаматтан бөлек балақайдың анасы мен жеңгесі де болған екен. Олар баланы терезеден тастағанын байқап қалып, сыртқа жүгіріп шыққан. Төрт қабат биіктен төмен құлдилаған бүлдіршін есік алдындағы жұмсақ топыраққа құлап тірі қалды.

Ауыр жарақат алған балақай дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал, оның 40 жастағы туысы қамауға алынды. Баланы толық тексеріп шыққан дәрігерлер жағдайы тым ауыр деп отыр.

«Тексеруден кейін балаға ауыр бас жарақаты, миы шайқалған, кеудесі, іші жарақаттанған. Травматикалық шок деген диагноз қойылады. Қазір жансақтау бөлімінде интенсивті терапияда. Жағдайы ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», - дейді Түркістан облысы балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Тұрысбеков.

Серіктес жаңалықтары