Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

Ол жону аппаратына оратылып қалып, оқиға орнында көз жұмды

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
24.kz
1472

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында механик мерт болды. Ол  зауытта жөндеу жұмысын жүргізген мердігер компанияның қызметкері.

Оқиға 23 қараша күні сағат 14:40-та тіркелді. «СМС Сервис» ЖШҚ мердігер мекемесінің механигі жөндеу жұмысын аяқтаған соң оны тексермек болып, уату-жону машикасын іске қосуға пәрмен береді. Осы кезде қайғылы оқиға болған. 

Механик рация арқылы уату-жону машинасын іске қосуды тапсырады. Сол кезде өзі жону аппаратына оратылып қалып, оқиға орнында көз жұмды. Мердігер компания Башқұртстанда тіркелген, - деп хабарлады облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты да әлеуметтік желідегі ресми парақшасында ақпаратты растап, қаза болған адамның отбасына көңіл айтты.

Ақтөбе феррорқорытпа зауытының аумағындағы жөндеу жұмыстары кезінде мердігер ұйымның қызметкері жарақат алып, салдарынан көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. «Қазхром» ТҰК» АҚ ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары