690 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

ШҚО прокуратура органдары мемлекет меншігіне 40 мың га 119 жер учаскесін қайтарды.

690 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Азаттық рухы

Жыл басынан бері ШҚО прокуратура органдары мемлекет меншігіне құны 690 млн теңге болатын 40 мың га 119 жер учаскесін, оның ішінде жалпы ауданы 430 млн теңгеден асатын 37 мың га пайдаланылмаған 101 жайылым учаскесін қайтарды.

Аймақта жер заңнамасының сақталуын қадағалау аумақтық прокуратуралардың тұрақты бақылауында. Атап айтқанда, Самар ауданының прокуратурасы ШҚО кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер заңнамасы нормаларының сақталуына талдау жүргізген. Жергілікті атқарушы орган осы жылы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша 16 конкурс өткізбегені анықталды.

«Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген бұзушылықтар үшін әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 137-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Самар аудандық сотының 2023 жылғы 27 қазандағы қаулысымен оған 1,1 миллион теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды (қаулы заңды күшіне енген жоқ).

Азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратураның араласуынан кейін осы жылдың 31 қазанында аудан әкімдігі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарлама жолдады», - деп жазды бақылаушы органнан.

Глубокое ауданы прокуратурасының тексеруімен аудан аумағында 42 мың га жайылым өз мақсатымен пайдаланылмайтыны анықталды. Нәтижесінде, Глубокое ауданы әкімінің атына қадағалау актісі енгізілді, бүгінгі күні мемлекетке жалпы ауданы 600 гектар және құны 4,8 млн теңгені құрайтын 10 жер учаскесі қайтарылды.

Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.