Алматыда Қазақстан мен Малайзияның бірлескен кәсіпорны ашылды
Жобаны іске асыруға алаңы 0,6 га жер учаскесі бөлінді.
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында электротехникалық жабдықтар мен электр энергиясын тарату жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Инвестициялық жобаны 1976 жылдан бастап мұнай - газ және электротехникалық өнімдер нарығында белсенді ойыншы болып табылатын малайзиялық компанияның Орталық Азия өкілдігі – «OISB Kazakhstan» ЖШС жүзеге асырып келеді. Өндіріс процесінде «RAWAK SMART» төмен вольтты жүйесінің инновациялық технологиясы қолданылатын болады.
Жобаны іске асыруға алаңы 0,6 га жер учаскесі бөлінді, жобаның құны 980 млн теңге, мұнда 50 жұмыс орны ашылатын болады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 2 мыңға жуық өнім шығаруға есептелген.
«ИТП» арнайы экономикалық аймағы Алматының Медеу ауданындағы 163 га аумақта орналасқан.Мемлекет тарапынан инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның, бірінші кезектегі ғимараттардың, әкімшілік кеңсенің құрылыстары жүзеге асты. «ИТП» АЭА қатысушыларына салық және кедендік жүктемені төмендету бөлігінде түрлі преференциялар мен жеңілдіктер беріледі», – делінген хабарламада.
Бүгінде «ИТП» АЭА резиденттері -160 компания олардың 55-і (Kolesa Group, Azimut Labs, PayBox, жеке Касса және т. б.). «ИТП» АЭА аумағында орналасқан, қалған 105 компания (Kaspi Cloud, Eltex Alatau, Nero Lab, Asaq, prima Group, Almaty Enterprising Company және т. б.) бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында қызметтерін «эксаумақтылық» қағидаты бойынша жүзеге асырады.
АЭА құрылған сәттен бастап оның қатысушылары 6 727 жұмыс орнын құрды, 50,69 млрд.теңге инвестиция тартты, 34,7 млрд. теңге сомасында салық және бюджетке төлемдер түсті, 493,7 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, өзге де қызметтер көрсетілді, экспорт көлемі 7,46 млрд. теңгені құрады.