Аргентинада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр

Масса жағдайды "бюджеттік тәртіп" және валюталық резервтерді жинақтау есебінен түзетуге ниетті. Ал Милей жеңіске жеткен жағдайда песоны долларға ауыстырып, орталық банкті жоюға уәде берді.

Аргентинада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр
сурет: pbs.org
822

Аргентинада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр. Ауыр экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатқан Аргентина халқы  35 миллионнан астам сайлаушы алдағы 4 жылдағы елдің тағдырын анықтайтын болады, деп хабарлады turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап. 

35 миллионнан астам сайлаушы қазіргі елдің экономика министрі және перонистер лагерінің өкілі, солшыл Серхио Масса мен Дональд Трамппен үнемі салыстырылатын "Бостандық орнайды" либертариандық коалициясының жетекшісі Хавьер Милейдің арасында таңдау жасайды.

Бір ай бұрын өткен бірінші турда Милей – 30%, ал Масса 37% болды. Қазіргі экономика министрінің мұндай көрсеткішке жеткені сарапшыларды таңқалдырды, Өйткені елдегі инфляцияның жылдық деңгейі рекордтық деңгейге – 143%-ға жақындады. 

Аргентинадағы шарықтап кеткен инфляцияның негізгі себебі – сыртқы қарыз (ХВҚ несиелерінің шамамен 30%-ы Буэнос-Айресте) және экономиканың стратегиялық салаларында бәсекелестіктің болмауы. Пандемия, Украинадағы соғыс және биылғы құрғақшылық салдарынан елдің ахуалы мүлде нашарлаған.

Масса жағдайды "бюджеттік тәртіп" және валюталық резервтерді жинақтау есебінен түзетуге ниетті. Ал Милей жеңіске жеткен жағдайда песоны долларға ауыстырып, орталық банкті жоюға уәде беріп отыр.

 

Серіктес жаңалықтары