Қорғас – Алматы тас жолында екі көлік өртеніп кетті

Апаттан 5 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген

Қорғас – Алматы тас жолында екі көлік өртеніп кетті
Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
710

Жаркент қаласының маңында қатты жылдамдықпен жүрген екі Ауди көлігі соқтығысып, оқиға орнында жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 18 қарашада Қорғас – Алматы тас жолында болды. Апаттан 5 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақат алған бір жолаушы медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.

Автокөліктер «Алматы-Қорғас» тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдің бірінің дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рөлге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берген. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған төтенше жағдай қызметінің өрт сөндірушілері өшірді», – деп хабарлады Панфилов ауданының полициясы.

Серіктес жаңалықтары