1007
Сабыр сақтаңыздар: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады
Облыс әкімі мәлімдеме жасады
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңір тұрғындардан мүмкіндігінше көшеге шықпауын сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыста түрлі ғимарат шатырларының жұлынуы, электр қуатының үзілуі, ағаштардың құлау фактілері тіркелген.
«Төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық қызмет күштері табиғи апат салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Барлық жұмысты мүмкіндігінше жылдам орындаймыз. Сабыр сақтаңыздар», - деп жазды А.Байханов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Ол сондай-ақ ТЖД-да арнайы штаб құрылып, жедел желі телефоны: +7 7182 32 36 92 или 112, сондай-ақ 109 қызметінің нөмірі жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.