Әлем чемпионы Жанқош Тұраров желтоқсан айында жекпе-жек өткізеді

Тұраров келесі айқасын 10 желтоқсан Алматыда өткізеді.

Әлем чемпионы Жанқош Тұраров желтоқсан айында жекпе-жек өткізеді
Фото: qazaqstan.tv

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (27-0, 20 KO) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда IBO ұйымының чемпионы болып келетін Тұраров келесі айқасын 10 желтоқсан Алматыда өткізеді.

Жанқоштың қарсыласы – 38 жастағы жапониялық Акихира Кондо (37-11-2, 21 KO). Бұл жекпе-жекте Тұраровтың чемпиондық белбеуінен бөлек WBA Gold титулы сарапқа салынады.