Шымкентте есірткі тасымалдаумен айналысқан көршілер ұсталды

Ерлердің есірткі қылмысына қатысы бар екені жедел іс-шаралар барысында анықтады.

Шымкентте есірткі тасымалдаумен айналысқан көршілер ұсталды
polisia.kz
729

Шымкентте полицейлер есірткі тасымалдаумен айналысқан төрт көршіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұсталғандар – Қызылжар шағын ауданының тұрғындары. Ерлердің есірткі қылмысына қатысы бар екенін ЕҚҚКБ-ның қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында анықтады.

«Полицейлер 47 жастағы қала тұрғынының мекенжайын тексеру кезінде бір қап апиын мен кептірілген марихуана тапты. Екінші күдіктінің үйінен құрамында есірткі бар өсімдіктің тұқымдары мен атыс қаруы табылды. Тағы бір жергілікті тұрғын 5 келі марихуана сақтаған. Ал 38 жастағы ер адамнан жедел уәкілдер ұсақталған есірткі шөбімен толтырылған 32 сіріңке қорабын тәркіледі», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Анықталған жайттар бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары