Ақтауда көшеден 43 жастағы ер адамның денесі табылды

Ақтау қаласының 7 шағын ауданында ер адамның денесі табылды.

Ақтауда көшеден 43 жастағы ер адамның денесі табылды
Фото: lada.kz
695

15 қарашада Ақтау қаласының 7 шағын ауданында ер адамның денесі табылды. Бұл туралы lada.kz жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өңір Полиция департаментінің баспасөз қызметі «102» кезекші байланыс желісіне 7 шағын ауданындағы 3 үйдің жанында ер адамның денесі жатқаны туралы хабарлама бойынша шақырту келіп түскенін хабарлады. 

«Шақырту бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды. 43 жастағы ер адамның денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары