722
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,2% орындалды
Үкіметте республикалық бюджеттің атқарылуына қатысты есеп берілді.
Қаңтар-қазан айларында мемлекеттік бюджетке 15,5 трлн теңге түсті, деп хабарлады Turkystan.kz.
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің мәлімдеуінше, жоспар 98,3% орындалды.
«Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге, жергілікті бюджетке 5,1 трлн теңге қаражат түсті. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 98,2%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,4%-ға, жергілікті бюджеттердің шығысы - 97,2%-ға орындалды», – деді Дәурен Темірбеков.