Ұлттық валюта неліктен «теңге» деп аталды?
Ұлттық валютаны «алтын», «ақша», «таньга» деп атау ұсынылыпты.
Ұлттық валютаның атауын таңдауға келгенде, алуан түрлі қайшылықты пікір айтылған екен. Мәселен, «алтын», «ақша», «таньга» сияқты нұсқалар ұсынылыпты.
Сол кездегі Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Алтын» атауын ұсынған. Кейіннен «теңге» атауы мақұлданды. Бұл «денге» немесе «таньга» сөзінен шыққан, орта ғасырдағы түркі күміс монеталары осылай аталған екен. Яғни, тарихи атау. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсыныпты.
– Ұлттық валютаны дайындауда ойластырылған бағдарламамен маған бірінші келген Сауық Темірбайұлы болды. Ол өзінің бастамаларына табанды және өз ұсыныстарын салмақпен негіздей алатын адам. Ұлттық валютаны дайындауды қатаң құпиялылық жағдайында жүргізуді шештік. Президент біздің долбарларымызды мақұлдады және жұмыс басталып кетті, – деп жазды бұл туралы Қазақстанның сол кездегі вице-президенті Е.Асанбаев.