KASE: Қазандағы көрсеткіш көңіл көншітпеді
Сауда-саттық бір айда 8,2%-ға төмендеді.
Қазақстан қор биржасы 2023 жылдың қазан айындағы биржа жұмысының қорытындысын жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.
Қазан айында сауда-саттықтың жиынтық көлемі 42,8 трлн теңгені құрады. Көрсеткіш қыркүйек айымен салыстырғанда 3,8 трлн теңгеге кем болды.
KASE индексінің мәні 1,7%-ға, акция нарығын капиталдандыру 2,6%-ға дейін төмендеді. Ал сатылатын корпоративтік борыш көлемі 0,3%-ға немесе 13,8 трлн теңгеге дейін өсті.
Қараша айының алғашқы күнінде KASE сауда-саттық тізімінде 226 эмитенттің 622 мемлекеттік емес бағалы қағазы болды. Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың 685,3 мың дербес шоты тұрды.
Қазан айының қорытындысында акция нарығын капиталдандыру 26,3 трлн теңгені құрады. Өткен айда бұл көрсеткіш 706,3 млрд теңге болған. Нәтиженің нашарлауына индекстік акция бағасының өзгеруі ықпал етті.
«Қазан айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 84 эмитенттің 99 атаудағы акциясы болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атаудағы акциясы «Листингілік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді. Есепті айда баламалы алаңның KASE ресми тізіміне «ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN» АҚ-ның жай және артықшылықты акциялары енгізілді. Қазан айында KASE ресми тізімінен эмитентінің бастамасы бойынша «First Heartland Securities» АҚ жай акциялары алынып тасталды», – деп хабарлады қор биржасының баспасөз қызметі.