Майкл Джексонның былғары күртешесі 300 мың еуроға сатылды

Қыркүйектің аяғында әнші алғаш рет "Ай жүрісін" билегенде киген қара киіз қалпағы Париждегі аукционда 77 мың еуродан астам ақшаға сатылған болатын.

Майкл Джексонның былғары күртешесі 300 мың еуроға сатылды
сурет: euronews.com
1246

Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен Prostore аукционында әйгілі Майкл Джексонның былғары күртешесі сатылды, деп хабарлады turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап. 

1984 жылы Pepsi жарнамасын түсіру кезінде Майкл Джексон киген ақ-қара былғары күрте 250 мың фунт стерлингке (142 млн теңге) сатылды.

Pepsi-дің бұл жарнамасы, ең алдымен, алтыншы түсірілім кезінде пиротехника жарылып, әншінің шашы өртеніп, екінші және үшінші дәрежелі күйік алғанымен есте қалған. 

Қыркүйектің аяғында әнші алғаш рет "Ай жүрісін" билегенде киген қара киіз қалпағы Париждегі аукционда 77 мың еуродан астам ақшаға сатылған болатын.

Серіктес жаңалықтары