Дэвид Кэмерон қайта оралды: Ұлыбританияның бұрынғы премьері елдің сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Brexit референдумынан кейін орнынан түскен премьер-министр билікке қайта оралды.

Дэвид Кэмерон қайта оралды: Ұлыбританияның бұрынғы премьері елдің сыртқы істер министрі болып тағайындалды
сурет: news.sky.com
854

Риши Сунак Дэвид Кэмеронды Ұлыбританияның сыртқы істер министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды turkystan.kz politico.eu-ге сілтеме жасап.

Кэмерон 2016 жылғы Brexit референдумынан соң премьер-министр қызметінен кеткен болатын.

Риши Сунак бұл қадамды ауқымды кадрлық ауыс-түйіс аясында жасаған. Ол өткен дүйсенбіде ішкі істер министрі, оңшыл партияның негізгі қайраткері Суэлла Браверманды қызметінен босатқан болатын. Бұрын сыртқы істер министрі болған Джеймс Клеверли Браверманның орнына барады.

Серіктес жаңалықтары